Қапшағайда өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімнің ісі тергелуде

Қапшағайда өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімнің ісі тергелуде

Полицейлер өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу нұсқасын қарастыруда, деп хабарлайды Хабар 24 zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 20 қазанында, сағат 07:30-да Қапшағай қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне 13 жасар жасөспірімнің өз балконында асылып қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен тергеу-жедел тобы бұл ақпаратты растады, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Асылулы тұрған жасөспірімнің үстінен ата-анасы түскен.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сараптама тағайындалды.