Өңірлерде қауіпсіздік шарасы күшейді

Елдегі бірқатар қаланың кіреберісіне блок бекеттер қойылып, кіріп-шыққан көліктерді және жолаушыларды тексеру күшейді. Түнгі 11-ден кейін қатынас тоқтайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік Қазақтан облысында да қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Негізгі жолдарға 20 блок-бекет қойылды. Тәртіп сақшылары қалаға кіріп-шыққан әрбір көлікті және жолаушылардың құжатын жіті тексеріп жатыр.

Полиция өкілдерінің айтуынша, ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Тұрғындар жағдайға түсіністікпен қарап жатыр. Осыдан екі күн бұрын шеруге шыққан азаматтар болған еді. Шамамен 100-ге тарта тұрғын ұсталып, олармен бөлімшелерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір Петропавл қаласына тек қана қала тұрмысына қажетті мамандар, медицина қызметкерлері немесе ауруханаға келе жатқан азаматтар және қалаға қатынап жұмыс істейтіндер арнайы анықтама бойынша өте алады. Сондай-ақ жіті тексеруден кейін транзиттік көліктер жіберіледі.

Айдын Байматов, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

– Аймақта түнгі сағат 11-ден таңғы сағат жетіге дейін коменданттық сағат енгізілді. Петропавл қаласының аумағында 5 блокбекет орнатылды. Ол Бескөл ауылынан шығатын кезде және Петропавл қаласынан Мамлютка ауданына баратын кезде және Шаховское ауылына бұрылысында және Солнечное поселкісінің жанында орналасқан. 

Қауіпсіздік шаралары Ақмола облысында да күшейтілді. Маңызды нысандарды полиция күзетіп тұр. Облыс орталығы Көкшетау қаласының маңына 7 блок бекет қойылды. Түнгі 11-ден кейін шаһарға кіруге тыйым салынды. Көкшетауда тәртіпті сақтауға спортшылар және азаматтық қоғам өкілдері де атсалысып, полицияға ерікті түрде көмек беріп жатыр.

– Спорт қауымдастығы қаламыз бен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияға көмек береміз деп шештік. Бірнеше ерікті топ құрдық. Енді тәртіп сақшыларымен бірге көшелерді аралап, тыныштықты күзетеміз.

– Мынадай провакацияларға ермеу керек. Соғыс жақсылыққа әкелмейді. Егеменді еліміз аман болсын.

Түркістан облысында халықтың қауіпсіздігі үшін, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Қалаға кіреберістер мен аудандардағы негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылды. Полиция қызметкерлері күшейтілген режимге көшкен.

Бабай Алдабергенов, облыстық қарулы күштер ардагері кеңесінің төрағасы:

– Түркістан облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласына әскерилер кірді. Олар негізінен блок посттарда, тәртіпті нығайтуға, сақтауға шақырылған азаматтар. Олар өз міндетін ойдағыдай атқарып жатыр.

Жалпы өңірде жағдай тұрақты. Базарлар мен халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік нысандар  ашық. Қоғамдық көлік қатынап жатыр.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?