Елордалық полицейлер ғимараттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Елордалық полицейлер ғимараттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Қала тұрғыны ғимарат үстіне шығып секірмек болған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім болды.

«1 тамыз күні сағат 15:02-де «102» каналына Бейбітшілік көшесінде орналасқан ғимаратқа шығып алған әйелдің секірмек болып жатқаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел қызмет жіберіліп, әйелді құтқарудың сәті түсті», – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Сондай-ақ ресми хабарламада суицид жасамақ болған әйелге психологиялық көмек көрсетілгені айтылған. Болған оқиғаға қатысты тексеру шарасы жүріп жатыр.