Еліміздегі су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізіміне 1 046 ауыл кірді

Еліміздегі су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізіміне 1 046 ауыл кірді

Бұл туралы бүгін Премьер министр Әлихан Сайыловтың қатысуымен өткен кеңесте айтылды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің хабарлауынша, көктемде еріген қар мен жаңбыр сулары мол болғандықтан, көктемде көптеген аймақты су басты. Келешекте бұған жол бермеу үшін су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізу керек деді ол. Кездесуде әкімдіктер тиісті іс-шараларды қаржыландыру мәселесін елемей отырғаны сөз болды. Салдарынан іс-шаралар дер кезінде орындалмай қалуы мүмкін. Осы орайда Үкімет басшысы биылғы Жол картасына сәйкес дайындық жұмыстарын тездетіп аяқтауды талап етті. Сондай-ақ ол  қауіпті жерлерде судан қорғау белдеулеріне ауыстырып, жауын-шашын кәріздері жүйелерінің өткізу қабілеті нормаларын қайта қарауды тапсырды.

Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:

- Елдімекендерді су басу жыл сайын қайталанып келеді. Салдарынан зардап шегетіндер көп. Жол картасын бекіттік. Көктемде жан шақты шаралар асырамыз. Қаражатты көп талап етпейді. Су басса көп қаражат керек. Соған жеткізбеу үшін жол картасын іске асыру керек. Өңір әкімдері жұмыстарды жедел бастауға тиіс.