Сенат уран туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Сенат уран туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Уран өндірісі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасын Сенат Мәжіліске кері қайтарды.

Сенаторлар құжатқа тағы бір толықтыру енгізді. Заң жобасы уран өндіру саласындағы заңнамаларды жетілдіру үшін жасалды. Жаңа заң бюджетке салық түсімін көбейтуге, елдің инвестициялық саясатына деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өнім өндіру кезеңін ұзартуға, барлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Заң жобасындағы жаңа ережеге сәйкеса, уран өндірісінің зардаптарын жою жобасы қосымша енгізілді.