Елбасы академик С.Қирабаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасына жеделхат жолдап көңіл айтты.
«Саналы ғұмырын ғылыми-педагогикалық қызметке арнаған Серік Смайылұлы отандық әдебиеттану саласын дамытуға қомақты үлесін қосқан ірі ғалым болатын. Ол ұлағатты ұстаз еді. Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы қайраткерлігімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді, соңына көптеген мәнді ғылыми зерттеулері мен ізбасар шәкірттерін қалдырды» делінген жеделхатта.
Елбасы Серік Смайылұлының ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.