Бұл билік транзитінің қисынды жалғасы – А.Үкібай Елбасы шешімі туралы

Бұл билік транзитінің қисынды жалғасы – А.Үкібай Елбасы шешімі туралы

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының өкілеттігін Қазақстан президентіне беру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Твиттердегі парақшасына жазды.

Өкілеттікті беру үрдісі партияның Жарғысына сай өтеді.

Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі билік транзитінің логикалық тұрғыдағы жалғасы екенін атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Президенттің бас тірегі болуы керектігін тілге тиек етті. Әсіресе пандемия жағдайында бұл өте маңызды. Саяси бірлестіктің Жарғысына сәйкес Төрағаның қызметінен босатылуы мен, жаңа төрағаны сайлау, партия съезінің құзіретіне жатады. Оған дейін, Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасы болып, қала береді.