Бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз – Президент

Бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз – Президент

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI cъезі жұмысын бастады, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.

«Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев съезде сөйлеген сөзінде: «Қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет. Осы ретте, азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқарады» деп атап өтті.

Сонымен қатар қаңтар оқиғасына қатысты Президент енді мұндай жағдайға жол берілмейтінін айтты.

«Бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз. Халқымыз бірлігінің арқасында осы сын-қатерге төтеп берді. Қазір алдымызда барлық саланы қайта жаңғырту міндеті тұр. Бұл – мемлекеттік аппаратты ғана жаңарту деген сөз емес. Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас Прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз», – деді Мемлекет басшысы.