Әлихан Смайылов: Наурыз – еңсесі биік елдігіміздің, береке-бірлігіміздің мерекесі

Әлихан Смайылов: Наурыз – еңсесі биік елдігіміздің, береке-бірлігіміздің мерекесі
Үкімет

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Құрметті қазақстандықтар! 

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Табиғатты түлетіп, тіршілік атаулыға жан бітірген әз-Наурыз – еңсесі биік елдігіміздің, береке-бірлігіміздің мерекесі. Ұлтымыздың тарихи тамырымен, қилы тағдырымен бірге жасап келе жатқан ұлық мереке бүгінде бүкіл адамзат баласын бейбітшілікке, ізгілікке үндейтін рухани құндылығымызға айналды. Тәуелсіздік тарихында аса күрделі кезеңді бастан кешірген халқымыз үшін жаңарған жыл бастауы игі жақсылықтардың жаршысы, іргелі істердің жалғасы болсын. Жаңа даму кезеңіне бет алған егемен еліміздің қуаты арта берсін. Көрікті көктем мерекесі шаңырақтарыңызға шаттық, көңілдеріңізге қуаныш сыйласын. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!