ЖСДП мүшелері елордалық сайлаушылармен кездесті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан депутаттыққа үміткерлер елордалық сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында бірқатар жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары бар. «Дөңгелек үстел» форматында өткен жиында саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Жиылғандар өздерін толғандыратын мәселе бойынша сұрақтарын қойып, еліміздің дамуы мен болашағы туралы ойларын ортаға салды.

Айта кету керек, партия мүшелері үгіт-насихат жұмыстарымен еліміздің барлық өңірін қамтып, алдағы уақытта Көкшетау қаласына баруды жоспарлап отыр. Ал жалпы, 500-ден астам іс-шара өткізу көзделген.

Асхат Рахымжанов, ЖСДП төрағасы:

-  Бүгінгі кездесуге студенттермен қатар оқытушылар және қала тұрғындары келді. Ашық форматта пікірталас ұйымдастырдық. Барлық сауалдарға жауап беруге тырсып, тілектерін де тыңдадық. Әсіресе білім беру саласы бойынша сұрақтар көп болды. Бар білгенімізбен бөлістік. Кездесу өз деңгейінде өтті деп ойлаймыз.