«Байтақ» партиясының саяси тұғырнамасы түсіндірілді

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері бүгін елордада студенттермен және экобелсенділермен кездесті.

Жүздесу аясында саяси құрылымның негізгі тұғырнамасы түсіндірілді. Қоршаған орта проблемаларын жиі көтеріп жүрген жастар қоғамда экологиялық мәдениет пен сауаттылықты қалыптастыру төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қоқыс полигондарының жұмысын ретке келтіру бойынша диалог құрды. Ұсыныстарымен бөлісті. Мамандардың айтуынша, қазір елімізде 13 мыңнан астам қоқыс полигоны бар.

Мирас Аббасов, "Байтақ" жасылдар партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы:

- Жастардың белсенділігі қуантады. Олар халықты ауызсумен қамту, тіршілік нәрін үнемдеу және жануарларды қорғауға қатысты мәселелерге бей-жай қарап отырған жоқ. Тұрмыстық қалдықтарға қатысты да салмақты ой-пікірлері бар. Олар тарапынан ұтымды ұсыныстар көп.