«Байтақ» партиясы «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясымен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясының басшылығы «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілдерімен кездесті.

Жүздесу барысында үгіт-насихат науқанының барысы мен республкалық және өңірлік штабтардың жұмысы туралы айтылды. Партия бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Тараптар алдағы науқанның мағыздылығы туралы ой-пікір алмасып, елде жүргізіліп жатқан саяси реформа төңірегінде әңгімелесті. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы биыл қаңтарда құрылған. Қазір бірлестіктің құрамында 162 үкіметтік емес ұйым мен 18 мыңнан астам байқаушы бар. Олардың барлығы арнайы оқыту курстарынан өткен.

Төлеген Күнәділов, «Дауыс» Қоғамдық байқаушылар коалициясы» РҚБ төрағасы:

 Біздің басты мақсатымыз – барлығының заң шеңберінде өтуін қадағалау. Соған баға беру. Неғұрлым мына байқау институттары дамыған болса, соғұрлым мына үрдіс таза және ашық түрде өтетін болады.