Ә. Смайылов: Жүк тасымалындағы кедергілер жойылу керек

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қытаймен арадағы жүк тасымалдау кедергілерін жедел түрде жоюды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол нормативтік өзгерістерді дайындауға 3 күн уақыт берді. Қытайдың коронавирусқа байланысты көлік шектеулерін алып тастауы «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекетінде коммерциялық жүк тасымалдаушылардың ұзын-сонар кезегіне әкеп соқты. Ал өткізу бекеті толық күшінде жұмыс істеп жатқан жоқ. Тәулігіне 100-ден аспайтын жүк көлігіне ғана қызмет көрсетіледі. Бұл өз кезегінде жабдықтар мен құрамдас бөлшектерге мұқтаж инвестициялық жобаларды іске асыруға кері әсер етеді. Жалпы ел экономикасының дамуын тежейді, - деді Үкімет басшысы. Осыған байланысты енді кезек ақпараттық-есептеу орталығының Qoldau.kz платформасы арқылы жүргізіледі.