Ә. Смайылов Премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды. LIVE

Үкіметті Әлихан Смайылов қайта басқаратын болды.

Сайлауда жеңіске жетіп, басым дауыс жинаған «AMANAT» партиясы Президентке Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Заңға сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған кандидатура бойынша Мәжілістегі партиялардың  фракцияларымен кеңесті. Сөйтіп, Смайылов министрлер кабинетіне әрі қарай да жетекшілік ететін болды.