352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дзюдодан Қазақстан командасы Азия ойындарының финалында

  • 112
Дзюдодан Қазақстан командасы Азия ойындарының финалында

Бүгін дзюдодан Азия ойындарындағы соңғы медальдің тағдыры шешіледі.

Аралас командалық сында Қазақстан командасы жеңіліссіз келеді, деп хабарлайды Olympic.kz

Жартылай финалда Қазақстан дзюдошылары өзбекстандық қарсыластарынан 4:3 есебімен басым түсті. 

73 келідегі Жансай Смағұлов Гисожон Бобоевтан ұтылып, алғашқы кездесуден соң Өзбекстан алға шықты.

Содан соң 90 келідегі Ислам Бозбаев есепті теңестіріп, Шахзодбек Сабировты жеңген болатын.

Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев та өзбек қарсыласына есе жіберіп алды. Кейін 57 келідегі Севара Нышанбаева таразы басын теңестірген. 

Кейін 70 келідегі Зере Бектасқызы жеңіліп тауып, жалпы есеп теңесті – 3:3.

Команда үшін ең маңызды ұпайды Гүлжан Исанова алып келді. Ол Рината Илматовадан басым түсіп, Қазақстан Азия ойындарының финалдық бәсекесіне жолдама алды. 

Финалда Қазақстан Жапония құрамасымен кездеседі. 

Хабар 24 телеарнасы