Қанат Исламның жекпе-жегі кейінге шегерілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) алдағы жекпе-жегі кейінге шегерілді, деп жазды Prosports.kz.

BoxRec таратқан мәлімет бойынша боксшының алдағы айқасы 20 ақпанда АҚШ-та өтуі қажет еді. Алайда белгісіз бір себептерге байланысты жекпе-жек кейінге шегерілген. Әзірге уақыты белгісіз.

Айта кетсек, Қанат Ислам былтыр 16 қазан күні АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетуі керек еді. Алайда Қанатқа қарсылас табылмаған. Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына бір жылдан асып кетті.

Сондай-ақ...