Жәнібек Әлімханұлы кезекті кездесуін Алматыда өткізеді

Жәнібек Әлімханұлы кезекті кездесуін Алматыда өткізеді
Tengrinews

Жекпе-жек кеші 27 ақпанға жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде қазақстандық промоутерлік компания мәлімдеді. Артынша Жәнібектің командасы ақпаратты растап, ресми мәлімдеме жасады. Ол жерде Америкада коронавирусқа қаысты жағдайдың ушығып жатқаны айтылады. Осыған байланысты келесі жекпе-жекті Қазақстанда өткізу ұсынысы түскен. Енді келісімшарттарға қол қою ғана қалды делінген хабарламада. Айта кетейік, Жәнібек ең соңғы рет 10 қазанда шаршы алаңға шықты. Аргентиналық Гонсало Кориямен жолығып, екінші раунда қарсыласын нокаутқа жіберді. Соның арқасында жерлесіміз WBO рейтингінің үздік үштігіне ілікті.