23 сәуірде триатлоннан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлады Olympic.kz.
Құрлықтық біріншілік Жапонияның Хацукаиши қаласында өтеді. Аталған бәсекеге Жапония, Иран, Өзбекстан, Сирия, Филиппин, Оңтүстік Корея, Гонконг, Қытай, Моңғолия және Қазақстаннан барлығы 50-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан сапынан сынға түсетін атлеттер:
– Ануар Тұрыбаев;
– Арина Шульгина;
– Екатерина Шабалина;
– Аян Бейсенбаев;
– Дарын Қонысбаев;
– Александр Автушко;
– Семен Пивоваров.