Алғашқы жарыс пен бірінші дистанция үшін бесінші орын жақсы нәтиже – Ольга Тихонова

Алғашқы жарыс пен бірінші дистанция үшін бесінші орын жақсы нәтиже – Ольга Тихонова

Бүгін шорт-трек шеберлерінің жарысына келдік. Әлем мықтыларымен үзеңгі қағыстырып жүрген жігіттерімізден жүлде күтетініміз жасырын емес.

Мәдіғали Қарсыбековтен тәлім алатын Қазақстан ұлттық құрамасы бұл жолыда намысқа тырысты. Алдымен мың метрге жүгірген жігттердің жарысын тамашаладық. 23 жастағы Әділ Ғалиахметов алғашқы Олимпиадасы болған соң шығар, жарыс басында толқынысын жасыра алмады. Фаль старт жасап, тіпті төрешілерден ескерту алыпта үлгерді. Алайда бірден жинақылық танытқан Әділ бар күш жігерін салды. Алайда тек қана сәттілік емес тәжірибеде жетіспеді.

Биыл олимпиада ойындарының бағдарламасына шорт-тректен аралас эстафетада қосылған болатын. Бұл сында ел намысын Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша және Ольга Тихонова мен Яна Хан қорғады. Жарыстың соңғы кезеңдерінде Абзалды Әділ алмастырды. Әжіғалиев жүгірседе сол нәтиже болатын еді. Сондықтан жас спортшыға мүмкіндік бердік дейді бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков. Қазақстан құрамасы жарыс қортындысы бойынша үздік алтылықтың қатарынан көрінді. Бұл біздің қыз-жігіттер үшін үлкен жетістік.  Кіл мықтылармен терезесі тең өнер көрсеткен шорт-трек шеберлері жарап тұр. Жарыстан кейін қыз жігіттерді әңгімеге тарттық.

Денис Никиша, шорт-трек шебері:

– Аралас эстафетада жақсы жүріп өттік деп ойлаймын. Жақсы нәтиже көрсеттік. Өте қуаныштымыз. Бұл дистанция Олимпиадада бірінші рет өтіп жатыр. Сондықтан алдын-ала болжам жасау қиын.

Ольга Тихонова, шорт-трек шебері:

– Бірінші рет қатысып отырғанымызды және бұл бірінші дистанция екенін ескерсек, бесінші орын жаман емес деп ойлаймын.

Алда әлі Абзал мен Денистің оң жамбасына келетін 500 метр бар. Және Әділ Ғалиахметовте1500 метрде барымды саламын деп отыр.Сәттілік серік болсын дейміз.

Жандос Айтбайұлы, Дәурен Жұрхабаев