Мәнерлеп сырғанау: 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Мәнерлеп сырғанау: 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Монпельеде (Франция) мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына қатысушылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның атынан Михаил Шайдоров, сонымен қатар би жұбы Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев шығатыны белгілі болды.

Дереккөз атап өткендей, қыздар қатыспайды, өйткені бүгінгі таңда қазіргі спортшыларда қажетті техникалық минимум жоқ.

Еске сала кетейік, мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет Францияның Монпелье курорттық қаласында, «Зюд де Франс» аренасында 21-27 наурыз аралығында өтеді. Жарыс ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанау, жұптық мәнерлеп сырғанау және мұзда би билеу категорияларында өтеді.