Германия әлем чемпионатында топтан шыға алмады

Германия әлем чемпионатында топтан шыға алмады

Германия топтан шыға алмады.

Қатар астанасы Доха қаласында аладоп аламаны жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні тағы да сенсация тіркелді. «Е» тобында өнер көрсететін Германия шешуші, яғни, үшінші турда Коста-Рика құрамасымен кездесті. Айта кету керек, орталықамерикалық команда оңай беріле қойған жоқ. Есепті Германия сапындағы Серж Гнабри ашқан. Артынша қарсыластар қарымта қос доп соғып,  жалпы есепте алға шықты. Германия ойыншылары 70 минуттан кейін ғана естерін жинап, таразы басын теңестірді. Авторы Кай Хаверц. Араға 12 минут салып дәл осы Хаверц дубльдің авторы атанды. Ал оның командаласы Никлас Фюллькруг  қосымша уақытта мергендігімен көзге түсіп, қорытынды нәтижені 4:2-ге жеткізді. Жеңіске жеткен Германия 4 ұпай еншілеп, турнир тізімінің 3-сатысында тұр. Коста-Рикада 1 ұпай кем, сәйкесінше 1 саты төмен. Қос команда да  плей-оффқа шыға алмады.