Елордада шорт-тректен балалар арасындағы ашық чемпионат өтті

Елордада шорт-тректен балалар арасындағы ашық чемпионат өтті

Дәстүрлі жарысқа жергілікті спортшылардан бөлек Көкшетау, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының ұл-қыздары арнайы келіп, өзара мықтыны анықтады.

Бас-аяғы 150-ге жуық спортшы 2 күн бойы сынға түсті. Жарыс барысында 16 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Әсіресе Ерәлі Сағынтай, Адель Ашуова, Алихан Баймат, Арина Раскатова және Санжар Жумабек сиқяты өрендер әртүрлі қашықтықта топ жалып, қазіргі ұлттық құрамаға лайықты ізбасарлар барын дәлелдеді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылардан қалалық құрама жасақталды.  

Бауыржан Сахарбаев,  №2 спорт мектебінің директоры:

- Жарыстың аты шорт-тректен “Astana Open” ашық чемпионаты болып өтеді. Негізгі жарыстың ұйымдастыру мақсаты шорт-тректі дамыту. Спортты насихаттау және осы жарыстың арқасында біздің Астана құрамының ұйымдастыратын болады

Азия чемпиондары марапатталды

Қаржылық қолдау жағынан әуесқой бокс кәсіпқой бокстан асып түспесе кем емес. Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев мәлімдеді. Сала басшылары Азия чемпионатында жеңімпаз атанған және жүлдеге іліккен спортшылардың басын қосып, салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. Құрлық үздіктерін дайындаған бапкерлер еңбегі де назардан тыс қалмады. Жиын барысында қазір мемлекет тарапынан да, халықаралық және қазақстандық бокс федерациядары тарапынан да жеңімпаздарға берілетін сыйақы еселеп артқаны айтылды. Алматыдағы шарада чемпион атанғандарға 5миллион, күміс пен қола алғандарға, сәйкесінше, 2 және 1 миллион теңгеден табысталды. Айта кетейік, Иорданияда өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз 6 бірдей алтын жеңіп алып, жалпыкомандалық есеппте бірініш орын алған болатын. Бұған қоса қоржынымызда 7 күміс пен 8 қола бар.