Оралда әскерилер арасында волейбол жарысы өтіп жатыр

Оралда волейболдан Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кубогына арналған чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыс мақсаты – әскери қызметшілердің дайындығын пысықтап, спорттағы шеберлігін шыңдау. Салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар еліміз бен шетелдерде өтетін сайыстарда ел намысын қорғайтын мықты спортшыларды іріктеу. Додаға құқықтық тәртіп әскерінің «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары мен Ұлттық ұланға қарасты әскери бөлімдердің командалары қатысып жатыр. 2 күн бойы өтетін турнир 23 ақпанда аяқталады.   

Ан Әбішев, жарыстың бас төрешісі:

- Бұл жарысқа қатысып жатқандардың арасында сарбаздар бар, келісімшарт қызметкерлері, офицерлері бар. Осы жарысқа 7 команда қатысып жатыр. Осы жарыстан іріктеп алып, ойыншылармен оқу-жаттығуларды өткізіп, Астана қаласында Ішкі істер министірінің Кубогына қатысамыз.