Қазақстандық гимнаст Әлем кубогында алтын жүлде алды

Қазақстандық гимнаст Әлем кубогында алтын жүлде алды

Дохада спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңінде жерлесіміз Нариман Құрбанов топ жарып, алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол ат снаряды үстіндегі жаттығуда жалпы есепте 15.400 ұпай жинаған. Осыған дейін ақпан айының соңында өткен әлемдік гранттың алғашқы кезеңінде Нариман Құрбанов қоланы қанағат тұтқан еді. Қатар елінде өтіп жатқан екінші кезең мәреге жетті.