Жамбы атудан Федерация Кубогі өтті

Жамбы атудан Федерация Кубогі өтті

Қыста да жамбы атуға болады.

Шымкент қаласында ұлттық спортымыздан ересектер мен жастар арасында Федерация Кубогы өтті. Айта кету керек, сұрмергендер сайысы қыс мезгілінде алғаш ұйымдастырылып тұр. Соған қарамастан, еліміздің барлық аймағынан үздік спортшылар жиналып, бәсекелестік өте жоғары деңгейде болды. Нәтижесінде, кәріс стилінде түркістандық Ералхан Айкөз, мажар стилінде алматылық Абзал Тұлыбеков, түрік стилінде тағы бір түркістандық Айтбек Сарыбай топ жарды. Ал қазақ стилінде қызылордалық Ақберен Үсен ең жақсы нәтиже тіркеді. Дәл осылай жастар мен қыздар арасындағы жеңімпаздар да анықталды. Кейін барлық жүлдегерлер ат қылына байланған тайтұяқты көздеді. Бұл сында жоғарыда аты аталған түркістандық Айтбек Сарыбай кезекті рет өз мықтылығын дәлелдеп, 600 мың теңге сыйақы жеңіп алды. Жамбы ату федерациясы кубогына арналған жарыстың жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрады.