Қытай төрағасы Си Цзиньпин Еуропалық Одақты АҚШ енгізген тарифтік саясат аясында халықаралық сауданы қорғау үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Бұл туралы ол Бейжіңде Испания премьер-министрімен кездесуі кезінде мәлімдеді. Еуропалық саясаткер Қытайға екіжақты сауда байланыстарын нығайту бойынша келіссөздер өткізу мақсатында келген болатын.
Еске сала кетейік, Қытай АҚШ-тан импортталатын барлық тауарларға кедендік баж салығын 125%-ке дейін көтерді. Бұл Дональд Трамптың Қытайға қарсы тарифтерді 145%-ке дейін арттыруына қарымтасы болатын. Ақ үй басшысы 75 елге баж салығын енгізуді 90 күнге шегерді. Бірақ бұл тізімде Қытай жоқ.
Тегтер #Қытай #Еуропалық Одақ #ынтымақтастық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz