EXPO көрмесін 35 мыңнан астам маңғыстаулық тамашалады

Radiotochka.kz

10 маусым мен 30 шілде аралығында EXPO көрмесін 35 717 маңғыстаулық тамашалады.

Олардың 5 мыңға жуығы – мектеп оқушысы. Жеткіншектердің Елордаға жасаған сапар қаражатын жергілікті бюджет пен кәсіпорындар көтереді. Балалар халықаралық мамандандырылған көрмені тамашалап қана қоймай бас шаһарды аралап, көрікті орындарымен танысып келді. Мектепке барған соң Астанадан алған әсерлерін шығарма жазу арқылы сыныптастарымен бөліседі.

Айта кетсек, 4-6 тамыз күндері олардың ізін Қарақия ауданының жас спортшылары мен жаттықтырушылары басады. Олар жаһандық көрме аясында өтетін EXPO 2017 футбол кубогіне жанкүйер болады.

Гүлсім Жариева, өңірлік туризм басқармасының бөлім басшысы:

- Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері үшін шеберлік класы өткізіледі. Соған өзіміздің жас спортшыларымыз қатысады. Теміржол көлігімен барғанда Астана қаласында 3-4 күн болады.