Клиент үшін талас. Автодабыл орнату қызметі

novinkiavto.com

Автодабыл көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты құрылғы болып саналады. Сатылымда оның түрі көп.

Бүгінгі бағдарлама кейіпкері Иван Мищенко да көлігіне автодабыл орнатуды көздейді. Ол қымбат темір тұлпардың қожайыны. Көлікті тізгіндеудің өзіндік машақаты бар. Қымбат көлік көп шығынды талап етеді. Сондықтан бағасы жарты млн теңгеге баратын бұл қызмет құнын қалтасы көтермейтінін түсінген Иван бізге хабарласты.

«Клиент үшін талас» жобасы бұл нарықты бастан-аяқ зерттеп шықты. Нәтижесі қандай? Үнемдеуге бола ма?