Клиент үшін талас. Тапсырыспен көйлек тіктіру құны қанша?

www.sewnaturally.com

Бағдарламаның бүгінгі кейіпкері Яна Сұлтанова көйлекке тапсырыс бергісі келеді. Биыл университетті аяқтайтын ол түлектер кешінде ажарын аша түсетін оны ерекше етіп тіктіруді қалайды.

Алайда ойлаған көйлекке қол жеткізу үшін қалта да қалың болуы керек. Себебі оның көңілінен шыққан киім құны 300 мың мен 500 мыңның арасында болып шықты. Арзандау көйлек тапсам деген оймен ол біздің бағдарламаға хабарласты. Нәтижесін бірге көрейік.