Транспорт және логистика. Сапалы жолдардағы жаңа технологиялар

Жолдар мемлекет инфрақұрылымының ең маңызды элементтерінің бірі. Еліміздің экономикалық өркендеуі жол желілері дамуының деңгейіне тікелей тәуелді. Сондықтан ел үшін маңызы зор республикалық және халықаралық тас жолдарда соңғы уақытта озық инновациялық технологияларды пайдалану қолға алынған. Олар жайлы толығырақ бүгінгі бағдарламада тарқатамыз.