Транспорт және логистика. Павлодар теміржол вокзалы

Еліміз үшін шойын жол саласының маңызы өте зор. Себебі жүк айналымының 68 пайызы, жолаушылар ағымының 57 пайыздан астамы осы секторға тиесілі. Жыл сайын бұл қызметке 22 мыңдай жолаушы жүгінеді. Бүгінде теміржол вокзалдары мен бекеттердің дені осы саладағы ұлттық оператордың қарамағында. Дегенмен жергілікті билікке тікелей бағынатындары да бар. Бүгінгі бағдарлама солардың бірі Павлодар теміржол вокзалы жайында болмақ. Ондағы қызмет көрсету сапасы қандай? Жолаушылар қауіпсіздігі қаншалықты сақталған?