Транспорт және логистика. Еліміздегі көліктік-логистикалық жүйенің маңызды нысандары

Қазіргі таңда Қазақстанда логистика инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар елеулі жұмыс атқарылуда. Нақтырақ айтсақ, соңғы бірнеше жылдың ішінде 2,5 мың шақырымнан астам шойын жол төселді. Ақтау порты кеңейіп, солтүстік терминал бой көтерді. Ал 2017 жылы жаңа құрық порты контейнерлі құрамдарды қабылдауға дайын болады. Елімізде көліктік-логистикалық кешендер желісінің құрылысы жүріп жатыр. Алғашқысы әлдеқашан ашылып қойды. Тәуелсіздігіміздің басты жетістігі бола білген маңызды нысандар жайлы толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.