Қазақстанда жасалған. Отандық OSB плиталар өндіру ісі

Шығыс Қазақстан облысында қалдықсыз, жаңа технологиямен жұмыс істейтін заманауи зауыт орналасқан. Онда жер үйлердің құрылысы мен ішкі жөндеу жұмыстары үшін аса қажет сапалы жоңқа тақталар өндіріледі. Экологиялық таза материал бүгінде табиғи ағаштың орнын толықтай басып, тұтынушылардың сенімін ақтады. Ендеше жұқа жаңқадан тұратын бірнеше қабатты тақтайша қалай жасалады?