Бес реформа белестері. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту

Бұл әлемде өзінің өміршеңдігін дәлелдеген тәжірибенің бірі. Қазақстан да бұл жүйеге біртіндеп көшпек. Себебі ол аса үлкен дайындықты қажет ететін жұмыс. Мәселені Ұлт жоспарына енгізудің өзі оның маңызын айғақтайды. 2012 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының аясында Қазақстанда біраз іс атқарылды. Ең бастысы заңдар қабылданып, көптеген міндеттерді орындауға мүмкіндік берді. Оны Ақмола облысы Қосшы ауылының тұрғындары жиі қолданады. Мәселен былтыр көптің қалауымен көше қиылысына бағдаршамдар орнатылып, жиі орын алатын жол апатының алдын алды. Бұл халықтың араласуымен шешілген біраз мәселенің біреуі ғана. Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.