Е.Қарин Мәжіліс қабылдаған заң жобасы туралы пікір айтты
Бұл ұлттық құрылтайдағы Президент бастамалары аясында мәжіліс қабылдаған кезекті заң жобасы.
Мемлекет басшысы жиында есірткі заттарын өндірген адамдардың жазасын барынша күшейтіп, мұндай әрекетті аса ауыр қылмыстарға теңестіруді ұсынған еді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграм парақшасында хабарлады. Заң жобасына сәйкес есірткі өндіруді және оны өткізуді ұйымдастыратын адамдарға қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ синтетикалық есірткінің құрамдас бөліктерінің заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік енгізіледі. Бұл қадам астыртын есірткі зертханаларын анықтауға және олардың жолын кесуге мүмкіндік береді, дейді Ерлан Қарин.