Бес реформа белестері. Бизнесті өркендету

Астана екі жыл қатарынан ел бюджетінің донорына айналды. Айта кеткен жөн, түсімдердің басым бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікке тиесілі. Бұл бір. Екіншіден, қаладағы жұмыс орындарының тең жартысын қамтамасыз етіп отыр. Ұлт жоспарының 69-шы қадамында елорданы іскер, мәдени және ғылыми орталыққа айналдыру жүктелген. Бүгінгі бағдарламада бизнесті өркендету мәселесін талдаймыз.