Сазсырнай – күйзеліске қарсы күрес құралы

Медитация, аффирмация.

Бүгінгінің жан тыныштығы саналып жүрген демалыс түрі.

Ал бұл бізде 8 ғасыр бұрын пайда болған. Үрмелі аспап саналатын сазсырнай нағыз терапия дейді мамандар.

Қаздың жұмыртқасындай ғана мына аспап күйзеліспен күресте мықты қару дейді мамандар. Байырғы қазақтар уілдек деп бесіктің басына да іліп қойған. Ол жел соққанда дыбыс шығарып, баланы алдандырады

Жанғали Жүзбаев, қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры:

- Шын мәнінде сазсырнайдың дыбысы адамның жүйкесін, адамның жүрегінің ырғағының біркелкі болуына шын мәнінде әсер етеді. Біздің елдегі демалыс орындарында, денсаулық сақтау санаторийларында, емханаларда әлі күнге дейін халықтың аспаптар, қобыз, сазсырнай сияқты домбыраның күйлері сияқты халық аспаптарын музыка терапия ретінде қолданады. 

Кәсіби маман сазсырнайды 50 секундта жасай алады. Ал жаңадан үйренсеңіз 3 минут қана уақыт жұмсайсыз. Арнайы таңдалған сазды иі қанғанша илеп, қалыпқа салып кептіріп, кейін 1200 градуста күйдіреді.  Шеберханасында күніне 100-150 сазсырнай  әзірлейтін Азамат Бақия оны жасап отырудың өзі ептілікке үйретеді, әрі ой демалысы дейді.

Азамат Бақия, шебер:

- Ол адамның, баланың маторикасын дамытады. Мысалы, суретте былай бейнеленген сазсырнай, 4 ойығын жапсақ 1,2,3,4,5,6. Бұл моторика болғанда ұсақ моторика, жіне координация жүріп жатады. Тіпті кейбір ғалымдардың айтуында осы моториканың дамуы тілі шықпай жатқан баланың тілінің шығуына оң пайдасы бар деп жатады.  

Сазсырнайды ойнағанда алдымен өкпеге ауаны көбірек жинайсыз. Кейін жәй-жәй шығарасыз. Ал бұл өкпе қабаттарындағы шырышты қабықты қатайтады. Тамырдың кішкентай капилярларына, өкпе мен жүрекке дейін оттегіге толады. Ал оттегі аз болса, вирус еніп, өкпе суланып кетуі мүмкін. 

Ғазиз Жұмабеков, шебер:

- Адам баласы нан жейді, су ішеді бірақ біз дем алмайды екенбіз. Мына тегін ауаны, терең тыныс алу технологиясы осы сазсырнайда жатыр. Неге себебі оған терең ішіңізге жинап алып  ойнамасаңыз жақсы музыка шықпайды. Сол терең алып ойнағанда ойнап тұрған кезде адам баласы демалмай тұрады. Сол кезде адам денесіне кислород, көмірқышқыл газы көп тұрақтап тұрады.

Үні қоңыр әрі жұмсақ, жағымды. Аспаптан шыққан акустикалық тербеліс адам жанын тыныштандырып, жайлылық сыйлайды. Тек осы адам жанын ғасырлар бойы тербеткен сазсырнайдың әуезіне кейінгі ұрпақта елтіп, қадірін біліп өссе екен дейсің. 

Зарина Кәп, Ырыстанбек Оспанов