Қазақстанда жасалған. Макарон

Миллиондаған адамдар жақсы көретін әмбебап тағам. Макаронды ертеде ойлап тапқан қазір дәл қай жерде, қай кезде шыққанын тап басып айту қиын. Бұл өнім бізге бүгінгі күйде шығыстан келді. Айтпақшы, Жапонияда жаңа жылда қонақтарға күні бүгінге дейін жіңішке ұзын макарон ұсынады. Ол ұзақ ғұмыр сүру символы. Кімнің макароны ұзын болса, сол адам - бақытты адам.