Келіссөз. Экстремизм және онымен күрес

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Президент өз баяндамасында халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желіні құруды ұсынды. Қатерлерге төтеп беру үшін  жаһан жұртын жұмылуға шақырды. Бұл бастамаға сарапшылардың берер пікірі қандай? Бүгінгі бағдарлама қонақтары дінтанушы Кеңшілік Тышқан мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессоры Досай Кенжетай осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітеді.