Келіссөз. Қазақстанның инновациялық ғылымын дамыту

www.alovirtual.com.br

Биыл Қазақстанда барша инноваторлардың басын біріктіретін байқау басталды.

Мектеп оқушысынан бастап, ірі өнеркәсіп мамандарына дейін бақ сынайтын сайыс 5 номинация бойынша өткізіледі. Жалпы ғылым мен зерттеулерге ерекше қолдау көрсету ел экономикасының алға өрлеуінің бірден-бір жолы. Нақты осы сала өркендесе Қазақстанның ЖІӨ артып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туады. Бүгінгі бағдарлама қонақтары «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ біліктілікті арттыру орталығы директорының орынбасары Мұхтар Түменбаев және «British Council» менеджері Қанат Абашев осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітеді.