ОҚО-дағы фармацевтика зауыты отандық өнім үлесін 50 пайызға дейін жеткізбек

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең көне фармацевтика зауыты қара күзге дейін тағы бір жаңа цехты іске қоспақ.

Онда халықаралық GMP стандартына сай келетін дәрі-дәрмектер шығарылатын болады. Кәсіпорын 2021 жылға дейін толығымен қайта жаңғыртылады. Бұл Елбасы жолдауында айтылған негізгі басымдықтардың бірі инвестициялық тартымдылық пен отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қадам, - дейді зауыттағылар. Кәсіпорын қазірдің өзінде дәрі-дәрмектің 200-ден астам түрін шығарады. Болашақта ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін 50 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр. Қазірдің өзінде дәрі-дәрмекке Қырғызстаннан сұраныс көп дейді мамандар. Тізімде тәжік пен өзбек ағайындар да бар. Алда отандық өнімді ауқымы кең Ресей нарығына шығу жоспары бар. Оған Еуразиялық экономикалық одақ  мүмкіндік береді.

Рустам Байғарин, зауыт директоры:

- Бүгінгі күні ескі технологиямен жаһандық әлемнің сұраныстарын қанағаттандыру мүмкін болмайды. Сондықтан Елбасымыз жолдауда өндірісті жаңғырту мен инвестициялық климат ең маңызды басымдықтардың бірі ретінде атап өтті. Бұл біз үшін өте маңызды нәрсе және стратегиялық бағыт болып табылады.