2019 жылдан бастап жоғары сынып оқушылары кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқиды

2019 жылдан бастап жоғары сынып оқушылары кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқи бастайды.

Мемлекет басшысы жолдауында: «Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу керек», - деді. Қазақстанда үш тілді оқыту жүйесі кезең-кезеңмен жүзеге асады. Бұл таңсық тәжірибе емес. Мәселен Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары химия, биология, физика, алгебра пәндерін ағылшынша оқиды.

Данияр Уәлиев, Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары:

- Білім саласында Елбасымыз үш тілділікке өте көңіл бөліп отыр. Мұның маңыздылығын біз, әрине, түсінеміз. Балаларымыз ол біздің болашағымыз ғой. Оларға білім саласын берген кезде мынау сыни тұрғыдан ойлау және де өздігінен ақпарат іздеуге көңіл бөліп отыр. Ол да керек дүние.