Парламент Сенатының депутаты Елбасы Жолдауына қатысты ойын ортаға салды

Елбасы өз Жолдауында экономиканы жаппай цифрландыру мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келетінін баса айтты.

Яғни ұлы өзгерістер дәуірінде осынау ұлтқа берілген мүмкіндікті мүлт жібермеу билік пен бұқараға бірдей сын болмақ. Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова бұл ретте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе іс-қимыл жасағанда ғана Үшінші жаңғыртуда қойылған міндеттерді шешуге болатындығын атап өтті. Ал аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру сайып келгенде алтын бесік ауылдың түлей түсуіне жол ашпақ. «Бұл ретте жергілікті бизнес қауымдастығының үкіметтік емес ұйымдармен күш біріктіруі өте маңызды», - дейді пікірталас алаңына қатысушылар.

Мұхтар Манкеев, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы:

- Осындай талқылауларды кесте бойынша басқа да аймақтарда өткізу біздің жоспарымызда бар. Президент берген мезгіл, яғни 26 ақпанға дейін нақты мәселелердің бәрін Астанаға барып, қорытындысын бітіріп болған соң өз атымыздан әкімшілікке ұсынайын деп жатырмыз. Ең бастысы, біз өңірлерде ауылдарда, аудандарда қоғам осы өзгерістерге дайын ба? Және де ол қоғамға қалай жетті? Олар бәрін біле ме? Сондай сұрақтарды қойдық.