Д.Тәліпов: Отандық еңбек нарығын жетілдіру уақыт талабы

«Отандық еңбек нарығын жетілдіру уақыт талабы. Бұл тұрғыда Елбасы Жолдауында айтылған жаңа реформалар қоғамға оң өзгерістер әкеледі».

Еліміздегі Cтратегиялық зерттеулер институты Маңғыстаудағы өкілдігінің жетекшісі Дәурен Тәліповтің пікірі осы. Қазақстандықтар жұмыссыз қалмайтынына сенімді болуы тиіс. Себебі, ел қатарлы еңбек етуге ниеті бар адам үшін екі қолға бір күрек табылары анық. Әсіресе, ауылдық жерлердің тұрғындарын жұмыспен қамту шарасы кезеңімен жүзеге асып келеді. «Бір қуантарлығы, жастар сұранысы жоғары мамандықтарға көптеп тартыла бастады», - дейді сарапшы.

Дәурен Тәліпов, ҚР Президенті жанындағы СЗИ өкілдігінің жетекшісі:

- Әкімдіктер мен кәсіпорындар арасында «Жол картасын» жасау қажеттілігі Жолдауда айтылды. Бұл өте дұрыс. Әрбір мекеме өзіне керек мамандарға ақша бөліп, қайта оқытулары керек. Осы арқылы жұмыссыз азаматтардың қоғамдағы орнын басқа саладан табуына жол ашылады.