Б.Байқадамов: Ширек ғасырда қазақстандықтар саяси сауаттылығын дамытты

Конституциялық реформа қазақстандық қоғамның саяси өзгерістерге дайын екенін көрсетеді.

Еуразиялық сарапшылардың желісінің төрағасы Болат Байқадамов осылай деп пікірін білдірді. Парламенттің рөлін арттыру азаматтардың ел өміріне белсенді араласуына жағдай жасайды. «Ал бұл демократияның дамуына тың серпін береді», - дейді сарапшы.

Болат Байқадамов, Еуразиялық сарапшылар желісінің төрағасы:

- Ширек ғасырдың ішінде қазақстандықтар экономиканы ғана емес, саяси сауаттылығын да дамытты. Билік ұсынған жаңашылдықтар халықтың белсенділік танытуына түрткі болды. Енді азаматтар ел тағдыры өзіне байланысты екенін біледі. Сондықтан талқылауларға жиі араласып отыр.