Алтынбек Қоразбаев: Мақсатымыз – мәңгілік ел болу

Президенттің биылғы Жолдауын, сондай-ақ конституциялық реформаны саясаттанушылар және экономистермен қатар мәдениет қызметкерлері де белсенді талқылап жатыр.

Қазақстан Республикасының еЕңбек сіңірген қайраткері Алтынбек Қоразбаевтың пікірінше, жалпыға ортақ өндірісті өрістету ісі өмірге қажетті барлық саланың оның ішінде өнердің де дамуына қуатты серпіліс береді. Конституциялық реформаның нәтижесінде атқарушы органдар жұмысы анағұрлым тиімді бола түседі.

Алтынбек Қоразбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Бұл өзгеріс біздің өсуімізге, өркендеуімізге, Қазақстанымыздың 50 мемлекеттің қатарына жетеміз деп, оған жеттік. Ал енді қазіргі арманымыз, ойымыз – өркендеген өркениет көрініп жатқан 30 мемлекеттің қатарына жету. Мақсатымыз – мәңгілік ел болу, қазақ дегенді бүкіл әлемге әйгілі ету.