Алдағы өзгерістер қоғамды жаңғыртуға бастайды – британдық сарапшы

Қазақстан саяси жүйені демократизацияландыру жолында.

Ұлыбритания директорлар институтының төрайымы және Ұлттық атом агенттігінің құрметті төрайымы Барбара Джадж осындай пікірде. Сарапшы билік өкілдері арасындағы қарым-қатынас жасаудың ескі модельден жаңаға көшуін құптайды. «Алдағы өзгерістер қоғамды жаңғыртуға бастайды», - дейді ол.

Барбара Джадж, Ұлыбритания директорлар институтының төрайымы:

- Мен жақсы білетін АҚШ пен Ұлыбританияда Парламент пен Конгресс бар. Халықтың билігі өздері сайлаған өкілдеріне беріледі. Ол жақтарда билік Үкімет басшысы мен өкілдері және қос палата арасында бөлінген. Сондықтан да қазақ елі Президентінің бұл бастамасына мен құрметпен қараймын. Билік тармақтарын Үкімет пен Парламентке бөліп беру туралы Н.Назарбаевтың шешімі үлкен қадам боп саналады. Меніңше, бұл пісіп-жетілген демократияның бірден бір белгісі.