Өңірлерді дамыту бойынша тың бастамалар әзірленеді
Қордаланған мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстарды жобалық-зерттеу тобы дайындайды.
Ол үшін Парламент Сенаты мен Мақсұт Нәрікбаев Университеті бірлескен жұмысты бастады. Алдағы 100 күн бойы заң шығарушылар сарапшылармен бірге орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолдарын қарастырады. Алғашқы пилоттық жобалар Ақмола облысында іске асырыла бастайды. Олар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, білім, денсаулық сақтау, еңбекпен қамту мәселелерін шешуге арналады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Бізге жаңа құралдар қажет. Елімізді дамытудың өзекті мәселелерін шешу бойынша заң жобаларын күтеміз. Орнықты даму мақсатына қол жеткізу жөнінде нақты ұсыныстар жасалу керек. Сенаторлар ең алдымен, өңірлердің өкілдері. Сондықтан аскелератор өңірлерді дамыту бойынша ұсыныстар, бастамалар әзірлейді. Ол шағын және орта бизнесті, өндірісті, ауыл шаруашылығын, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға арналуы тиіс.