Еліміздің қолайлы географиялық орналасуын ескерсек, жаңа күре жолдар салу аса қажет

Транзиттік тасымалдаудың тиімді жүйесін құру Қазақстан үшін халықаралық саудадағы маңызды фактор.

Есесіне еліміздің қолайлы географиялық орналасуын ескерсек, жаңа күре жолдар салу аса қажет, - дейді сарапшылар. Осындай жобаларды жүзеге асыру экономикалық және әлеуметтік пайда әкелмек. Бірінші кезекте жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Мәншүк Кәрімова, «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының сарапшысы:

- Көлік-логистикалық жобаларды жаңғыртар болсақ, тауарлардың қосымша ағымы үдей түсер еді. Ол кезде транзиттік ағынның өтімділігі де өседі. Сонда ғана көлік саласында өзге елдермен берік ынтымақтастық орнайды.