Шаруа қожалықтарының басын біріктіру ауылшаруашылық саласында зор жетістікке әкеледі

Шаруа қожалықтарының басын біріктіру арқылы ауылшаруашылық саласында зор жетістікке жетуге болады.

 

Елбасы жолдауын талқылаған «Ауыл» партиясының өкілдері осындай пікір білдірді. Онда еліміздегі агросалада салиқалы істер атқарып, ауыл шаруашылығын шапшаң дамыту мәселесі көтерілген, - дейді мамандар.

Төлеген Сыдыхов, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары:

- Елбасы жолдауында да бұл ауыл шаруашылығы негізгі драйвер болуы мүмкін деп бекерден бекер айтып отырған жоқ. Біздің Қазақстанның резерві, мүмкіншілігі, өзін өзі тамақпен, азықпе  қамтамасыз ететін жағдайы бар. Өзіне ғана емес және экспортқа да шығаратын жағдайы бар. Сондықтан ауыл шаруашылығына көңіл бөлініп отырғаны өте дұрыс. Осы аграрлық мәселені шешетін мәселелердің біреуі – сол кооперация болып тұр.